Жиналысқа кәсіподақтар төрағалары, кен орнынан бейнеконференция арқылы өндірістік басқарма мен МӨЦ басшылары қатысты. Қос тарап алдымен қазіргі жұмыс жағдайын, нақтырақ айтсақ, МӨЦ-тердегі адам жетіспеушілігі және жұмыс кестесі мен жүктемеге қатысты сұрақтарды талқылады.
ҚБМ Бас директорының бірінші орынбасары Қуанышбай Нұрғалиев жұмысшылардың еңбек жағдайларын жақсарту күн тәртібіндегі маңызды мәселе екенін атап өтті. Осы орайда басшылық өз тарапынан аталмыш сұрақтарды шешу белгіленген мерзімде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатынын айтты. Қатысушылар Басқармаға ұсыныс-пікірлерін жеткізіп, қойған сауалдарға нақты жауап берілді.
Компания үшін ең бастысы - ұжым тұтастығын сақтау, мақсаттарға жету үшін бірлесе әрекет ету. Жиналысқа қатысушылар осындай тұжырымға келіп, хаттама толтырылды. Басшылық пен цех комитеттері туындаған кедергілерді бірге еңсеруге уағдаласты. Басқарма өз тарапынан, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізу үшін мұнайшыларды қарқынды жұмыс істеуге шақырды.