Қаламқас мұнайшылары «археологиялық ескерткіштер» және «Маңғыстаудың киелі нысандары» жылжымалы көрмесінің экспозицияларымен танысты. Тарихи-мәдени қорық қызметкерлері танымдық көрмеге ықылас танытқан мұнайшыларға Маңғыстаудың қасиетті, тарихи және мәдени нысандары туралы айтып берді.
Мұнайшылар туған өлкенің тарихына, археологиясына және мәдениетіне қызығушылық танытып қана қоймай, жергілікті кесенелер, кешендер мен ескерткіштер туралы көп нәрсеге қанықты.
Кездесу соңында тарихи-мәдени қорық қызметкерлері Қаламқас мұнайшыларына «Сисем ата қорымы» және «Қасиетті Қазақстан» кітаптарын сыйға тартты.