Сайысқа Қаражанбас компаниялар тобы жұмысшыларынан 10 үміткер тақырыпқа сай өлеңдерін қазылар алқасына ұсынды. Ережеге сәйкес, қатысушылар шығарған туындыларын мәнерлеп оқып, видеоға түсіріп, сайыс поштасына жолдады. Өз кезегінде қазылар алқасы өлең ұйқасы мен мағынасы, орфография, орфоэпия, грамматикалық нормалардың сақталуы, оқу мәнері мен интонациясы және видео сапасы бойынша бағалады.
Мүшайра қорытындысына сәйкес, ынталандыру сыйлығы «Тұлпар Мұнай Сервис» ЖШС-нің ҰКЖ бұрғышы көмекшісі Аманғали Қанатовқа бұйырды. ІІІ орынға «Қаражанбасмұнай» АҚ күрделі құрылыс бөлімінің инжинері Қазбек Тажбенов тұрақтаса, ІІ орынды «Арғымақ Транс Сервис» ЖШС-нің көлік бойынша жетекші инженері Самат Айтымов иеленді. Ал І орынға ҚБМ Әлеуметтік және әкімшілік-шаруашылық жұмыс департаменті маманы Марат Сәулебай лайық деп танылды. Жеңімпаздарға диплом мен ақшалай сыйлық табысталды.