К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қазан 10:00

№86 «Шымкент-Астана» пойызында сәби дүниеге келді

Жолаушы Кенжеева күйеуімен бірге жүктіліктің соңғы айында Шымкенттен Астанаға сапарға шыққан.

21 қазаннан 22 қазанға қараған түні №86 «Шымкент-Астана» пойызында келе жатып, жолаушының толғағы басталды.

Пойыз бастығы Қаракулова Гүлшат пен жолсерік Адамбаева Анара жедел түрде барлық қажетті шараларды қабылдап, жолаушының аман-есен босануына көмектесті. Нәтижесінде, 21 қазан күні сағат 23:55-те қыз бала дүниеге келді.

Пойыз бригадаларының қызметкерлері үнемі алғашқы медициналық көмек көрсету және төтенше жағдайларда әрекет ету бойынша арнайы дайындықтан өтеді. Соңғы 3 жылда ұлттық тасымалдаушының пойыздарында 14 бала дүниеге келді.