«Биылдан бастап елімізде Наурыз мерекесінің жыл сайынғы жалпыұлттық тұжырымдамасы бекітілді. «Наурызнама» онкүндігі аясында «Наурыз базарлық» жеңілдік маусымы жарияланды. Көктемнің жаңару мейрамын барынша әсерлі мерекелеу бір жылға молшылық, амандық пен табыс әкеледі деп саналады. Ортақ ел, ортақ тағдыр мен бір мақсат біріктірген халықтың әл-ауқаты мен бірлігінен маңызды ештеңе жоқ»,-деп атап өтті әуекомпания Басқарма Басшысының міндетін атқарушы Нұрлан Жақыпов.
Әуекомпания ұшу географиясын кеңейту бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіп келетінін атап айту керек. Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы айда Астанадан Павлодарға ішкі рейс және Ақтөбеден Қазанға халықаралық рейс жаңартылды. Жақын арада Алматы және Астана қалаларынан Үшарал мен Үржарға маусымдық рейстер іске қосылады.