К 30-летию Независимости Казахстана | 12 наурыз 15:47

Наурыз мейрамында қосымша пойыздар іске қосылады

"Жолаушылар тасымалы" АҚ көктемгі "Наурыз мейрамында" қосымша пойыздарды іске қосады, деп хабарлайды SKnews.kz "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- №207/208 "Алматы-2-Шымкент" бағытындағы пойызға Алматы-2 стансасынан 19, 23, 26 наурызда, Шымкенттен 20, 24, 27 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

- №209/210  "Алматы-2-Түркістан" бағытындағы пойызға Алматы-2  стансасынан 24 наурызда, Түркістаннан 25 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;

- №241/242  "Қызылорда-Атырау" бағытындағы пойызға Қызылорда стансасынан 20, 24, 28 наурызда, Атыраудан 21, 25, 29 наурызда жөнелтілетін 3 рейс;

- №215/216 "Ақтөбе-Бейнеу" бағытындағы пойызға Ақтөбе стансасынан 20, 22, 24, 26, 28 наурызда, Бейнеуден 21, 23, 25, 27, 29 наурызда жөнелтілетін 5 рейс;

- №6803/6804 "Нұр-Сұлтан-Атбасар" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 24, 25 наурызда, Атбасардан 24, 25 наурызда жөнелтілетін 2 рейс;

- №7502/7501 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан  21 наурызда, Павлодардан 22 наурызда жөнелтілетін 1 рейс;

- №7510/7509 "Нұр-Сұлтан-Павлодар" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-1 стансасынан 20, 23, 25 наурызда, Павлодардан 20, 24, 25 наурызда жөнелтілетін 3 рейс.

Сондай-ақ:

- №702/701 "Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол – Алматы-2" бағытындағы пойызға Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан ағымдағы жылғы 20 наурызда, Алматы-2 стансасынан 21 наурызда жөнелтілетін 1 қосымша рейс;

- №301/302 "Алматы-2-Новосибирск" бағытындағы пойызға Алматы-2  стансасынан 2 сәуірде, Новосибирскіден 4 сәуірде жөнелтілетін қосымша рейс іске қосылады.

Ұлттық тасымалдаушы ағымдағы жылғы 1 сәуірден бастап "Нұр-Сұлтан-Атырау" бағытындағы жаңа пойыз "Тұлпар-Тальго" вагондарымен күн ара Нұр-Сұлтан-Нұрлы жол стансасынан тақ күндері жөнелтілетінін еске салады.