К 30-летию Независимости Казахстана | 10 қаңтар 15:04

Назарбаев әуежайы 4,5 млн жолаушыға қызмет көрсетті

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы 2018 жылы 4,5 млн жолаушыға қызмет көрсетіп, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 6 %-ға көп болып отыр.  

Әуежайдың баспасөз қызметі хабарлағандай, былтыр Вильнюс, Тюмень Челябинск, Сочи және Душанбе секілді жаңа халықаралық бағыттардың ашылуына байланысты 1,8 миллионға жуық жолаушыға қызмет көрсетілген. Ішкі бағыттағы жолаушылар көлемі де артып, осы уақыт ішінде 2,7 млн-нан аса адам әуежай қызметіне жүгінген. Ішкі бағыттағы танымал бағдарлар - Алматы, Шымкент және Атырау қалалары екен. Сондай-ақ, 2018 жылы Астана әуежайынан 30 мыңнан аса  ұшақ ұшу сапарларын орындаған.

Анықтама:

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Еуразия құрлығындағы соңғы үлгіде салынған әуежайлардың бірі, бұл жерден тәулігіне 180-ге дейін ұшақтардың ұшу және қону сапарлары орындалады және тәулігіне 17 мыңға дейін жолаушыға қызмет көрсетіледі. Елорда әуежайы сағатына 2500 жолаушыға қызмет көрсете алады. Әуежайда отандық және шетелдік әуе компаниялары тұрақты түрде ішкі бағыт бойынша 21 және халықаралық бағытта 36 ұшақ рейстерін жүзеге асырады.