2023 жылдың 9 айында жүктерді жалпы ауыстырып тиеу 3 386 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22% артық.
Ақтау порты Қазақстан, Әзірбайжан, Грузия, Түркия, Украина, Польша, Өзбекстан, Румыния, Қытай теміржол, порт және кеме қатынасы компаниялары қатысушылары болып табылатын Транскаспий халықаралық көлік бағдарының (ТХКБ) құрамдас бөлігі екендігі ерекше аталады.
Қазіргі уақытта Ақтау портында контейнерлік хаб құру бойынша іс-шаралар басталды. Контейнерлік хаб салу жобасын іске асыру контейнерлерді ауыстырып тиеу және жүктерді, қойма қызметтерін, теміржол тұйықтарын, контейнерлерді жөндеу және куәландыру цехтарын және т.б. бойынша қызметтердің толық спектрін ұсына отырып, Каспий өңірі мен Орталық Азия елдері үшін порт аумағында контейнерлік парк қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Орта мерзімді перспективада Ақтау портының алдына мұнайды ауыстырып тиеу бойынша инфрақұрылымдық қуатты жылына 20 млн. тоннаға дейін ұлғайта отырып, өткізу қабілетін кеңейту міндеті қойылды.