Үкімет қаулысының жобасына сәйкес, қазақстанда бірқатар темір жол станциялары мен разъездерінің атауын өзгерту жоспарланып отыр. Оның ішінде:
Нұр-сұлтан темір жол станциясын – Астана темір жол станциясына; Нұр-Сұлтан Нұрлы жол теміржол станциясын – Нұрлы жол теміржол станциясына өзгерту көзделген.Олардан бөлек, келесі станция және разъезд атауы өзгереді:
Жетісу облысы:
"БП Алматы бөлімшесі" филиалының 13 темір жол разъезі Ақши темір жол разъезіне;Қызылорда облысы:
Қызылорда бөлімшесінің 26 теміржол станциясы Жетітөбе темір жол станциясына;Маңғыстау облысы:
Маңғыстау бөлімшесінің 1 темір жол разъезі Күйкен темір жол разъезіне; Маңғыстау бөлімшесінің 10 темір жол разъезі боздақ темір жол разъезіне; Маңғыстау бөлімшесінің 460 темір жол разъезі Сарға темір жол разъезіне; Маңғыстау бөлімшесінің тірек теміржол станциясы Боранқұл теміржол станциясына;Атырау облысы:
Маңғыстау бөлімшесінің Майкөмген теміржол разъезіне Толтыр теміржол разъезі.