К 30-летию Независимости Казахстана | 21 мамыр 08:27

Нұр-Сұлтанда теміржолшыларды марапат күтіп тұр

«ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол саласы үшін тәжірибелік міндеттерді шешу үшін өткізілген «Idea Generator: railway sector» байқауының қорытындысын шығарды. «Nazarbayev University Research and Innovation System» (NURIS) тарапымен бірлесе қолға алынған инженерлік шешімдер бәсекесі биылғы сәуір айында бастау алған еді.

Жарыс шарты бойынша қатысушыларға үш міндеттің бірін бағындыру жүктелген. Олар - станция аумағындағы тежегіш табандықтардың орналасқан жерін бақылау, екіншісі - локомотив кабинасында машинистің қырағылығын бағалау, үшіншісі - маневрлік жұмыстарды атқару кезінде локомотив машинисі үшін көрінбей қалатын аймақтардағы кедергілерді анықтау.

Осы орайда барлығы 115 тапсырыс тіркелсе, соның 17-сі өзге елдер өнертапқыштарынан келіп түскен екен. 

Нәтижесінде Қазақстан темір жолдары жағдайына қолдануға қолайлы 3 үміткердің жобасы таңдап алынған.

Бірінші орын Самара мемлекеттік жол қатынасы университетінің студенттері Заткен Мұратұлы Темірлан мен Евгений Горелкинге берілсе, екінші орын «Dasco Consulting Group» ЖШС аға кеңесшісі Зарина Әбілмәжінова мен Еуразия ұлттық университетінің студенті Мәдина Әбілмәжиноваға бұйырып отыр. Үшінші орынға Бурабай шипажайы белгі беру және байланыс дистанциясы басшысының орынбасары Қайрат Багаутдинов пен инженер-электроншысы Болат Қожахметовтың озық тәсілдері лайық деп танылғаны атап өтерлік жайт.

 Жеңімпаздарды алдағы уақытта Нұр-Сұлтан қаласында өтетін теміржолдарды цифрландыру халықаралық көрме-конференциясы барысында марапатталмақ.