Іс-шара кәсіби мереке – Көлік қызметкерлері күнін және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның құрылғанына 25 жыл толуын мерекелеу қарсаңында өтті.
Конкурс мақсаты – қызметкерлердің кәсібилігін, техникалық білім деңгейін және ынтасын арттыру, вагондарға техникалық қызмет көрсету бойынша дағдыларды жетілдіру және озық тәжірибемен алмасу.
Қараушы-жөндеуші мамандығы темір жолдағы күрделі де жауапты мамандықтардың бірі. Бұл мамандар жолаушылар мен жүктердің қауіпсіздігіне тікелей жауап береді. Бір ауысымда қараушы өзінің негізгі құралы – тексеру балғасымен жүз вагонды қарсы алып түртіп, шығарып салады.
Жарыс бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде қатысушылар теориялық сұрақтарға жауап берді. Екіншісінде – қатысушылар автотіркеу тетігін (вагондар мен локомотивтерді тіркеуге арналған автоматты құрылғы) уақытпен бөлшектеді және жинады. Тетікті (механизм) 35 секунд ішінде жинай алған тексеруші Сәкен Жұмабай үздік нәтиже көрсетті. Содан кейін сайыскерлер вагондарды қарап, ең аз уақыт ішінде ақаулардың максималды санын анықтауға тырысып, өз шеберліктерін паш етті.
Тапсырмалардың орындалуы барысын бағалағаннан кейін қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Бірінші орын вагондарды тексеруші-жөндеуші Ғазиз Мұхамеджановқа берілді. Екінші орынды Алтынбек Кемелов иеленді. Үшінші – Төребай Жеңісбек. Теориялық білімі бойынша Жұматай Сахариев үздік атанды. Байқау жеңімпаздарына құрмет грамоталары табыс етілді.
Депоның үздік қараушысы атап өткендей, мұндай жарыстар бұқаралық кәсіптер қызметкерлерінің беделі мен біліктілігін арттыруда үлкен рөл атқарады.
Любовь Подоляк
Дереккөз: «Қазақстан теміржолшысы»