К 30-летию Независимости Казахстана | 28 қазан 10:57

Нұр-Сұлтандағы жаңа қазақ театры қандай болады?

Елордада, руханият саласында көптен күткен қуанышты оқиға, Қазақ драма театрына арналған жаңа ғимарат құрылысы басталды. Нұрсұлтан қаласындағы айшықты нысанның бой көтеруіне "Самұрық-Қазына" қоры қарасып, қаржы бөлуде.

Құрылысы қарқынды жүріп жатқан Қазақ мемлекеттік академиялық-музыкалық драма театры 2020 жылдың 6 шілдесіне дейін толық салынып болып, қолданысқа тапсырылмақ.

 "Бұл бірегей театр болады. Құрылыс жұмыстары биыл мамыр айында басталды. Қазір 300 адам жұмыс істеп жатыр. Жаңа жылға дейін сыртқы жұмыстарын аяқтап, ішкі жұ­мыс­тарға ойысамыз. Ғимараттың қас­беті мәрмәрмен қапталады. Ауа райы тұрақты, сондықтан жұмыс кедергісіз, белсенді жүріп жатыр", - дейді құрылыс директоры Мирко Горник.

"Samruk Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Арман Жетпісбай мәлім еткендей, құрылысына италиялық, швейцариялық және албаниялық компаниялары бірлесе кіріскен озық үлгідегі кешеннің аумағы 6 гектарды, оның ішінде 19754 шаршы метрді құрайды. 3 қабатты болатын нысан Жұмекен Нәжімеденов пен Ахмет Байтұрсынов, 23-15 көшелерінің қиылысында орналасқан. 640 және 202 адам сыятын екі залы бар. Әр актердің жеке киінетін, боянатын, демалатын бөлмесі болмақ. Жан-жағы әсем гүлдермен, жайқалған ағаштармен көркемделеді.

Толығырақ "SK news" газетінің жаңа нөмірінде: https://sknews.kz/newspaper/read/sk-news-19-129