«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Африка, Таяу Шығыс және Орталық Азия өңірлері бойынша Alstom компаниясының президенті Эндрю ДеЛеонемен кездесті.
Тараптар серіктестік мәселелерін талқылады. Францияның Alstom ұйымы индустрияландыру бағдарламасы аясында 2012 жылы Қазақстанда локомотив шығаратын зауыт ашқан.
«Электровоз құрастыру зауытында» «Қазақстан темір жолы» үшін 380 жүк және 70 жолаушы электровозы мен олардың құрамдастары шығарылып, қызмет көрсетіледі. «Самұрық-Қазынаның» сатып алу жүйесі арқасында ҚТЖ зауытпен ұзақ мерзімді офтейк-келісімшарттар жасаса алады, осылайша ЭҚЗ өнімдерін өткізудің кепілді көлемі қамтамасыз етіледі.
Нәтижесінде, ЭҚЗ-дағы жергіліктендіру үлесі жобаның бастапқы кезеңіндегі ≈10%-дан 35%-ға дейін өсті.
6 қаңтарда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев аталған зауытқа барған еді.