Тараптар Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы инвестициялық және іскерлік ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, сондай-ақ көлік-логистика және теңіз салаларындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы көлік-логистика ынтымақтастығын дамытуға бағытталған екі құжатқа қол қойылды.