«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов CGNPC директорлар кеңесінің төрағасы Ян Чанлимен кездесті. Қордың портфельдік компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» пен CGN 20 жыл бойы бірлесе жұмыс істеп, Қазақстандағы «Семізбай» және «Орталық» кен орындарын дамытуда.
Сонымен қатар, Қазақстан-Қытай «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС зауыты Қытайдың атом электр станцияларына арналған жылу бөлетін құрамалар (ЖБҚ) шығарады.
ЖБҚ – ядролық реакторға арналған отын. Жоғары технологиялық өндіріс 2021 жылдың қарашасында іске қосылды. Инновациялық өндірісті іске қосудың арқасында Қазақстан атом станцияларына арналған ядролық отынды өндіретін және жеткізетін мемлекеттер қатарында.
China General Nuclear Power Corporation (CGNPC) – атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін ҚХР-дың атом холдингісі.