2022 жылы Fortune Global 500 компаниялардың халықаралық рейтингінде компания 102-ші орынға ие болды.
CGN – атом энергиясы саласындағы ең ірі компания. «Қазатомпром» және CGN – Қытайдың атом электр станциялары үшін табиғи уранды жеткізу саласында 20 жылға жуық ынтымақтасып келеді, сондай-ақ Қазақстандағы «Семізбай» және «Орталық» кен орындарын бірлесе дамытуда.
Бұдан бөлек, Өскемендегі жылу бөлгіш құраманы өндіру жобасы екі ел арасында жоғары технологиялық өндірістер жүзеге асып жатқанын дәлелдейді.
CNPC - ең ірі мемлекеттік мұнай-газ корпорациясы. Компания мұнай және газ кен орындарын барлаумен және игерумен айналысады. Қытай нарығындағы оның үлесі шикі мұнай бойынша 60%, табиғи газ бойынша 73,4% және мұнай өнімдері бойынша 41% құрайды. Қазақстанда компания «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ кәсіпорнымен бірлесе жұмыс істейді, «Жаңажол», «Кеңқияқ тұз асты», «Северная Трува», «Кеңқияқ тұз үсті» және тағы басқа кен орындарын игереді.