К 30-летию Независимости Казахстана | 12 қараша 15:30

Нұрлан Жақыпов Masdar бас директоры Мұхаммед Жәмил Әл Рамахимен ЖЭС құрылысын талқылады

Нысанды 2029 жылы іске қосу жоспарланған.

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов Masdar компаниясының (БАӘ) бас директоры Мұхаммед Жәмил Әл Рамахимен кездесті.

Тараптар Жамбыл облысында жел электр станциясын (ЖЭС) салу жобасының ағымдағы жайын талқылады. Нысанды 2029 жылы іске қосу жоспарланған.

Masdar – дамушы нарықтарда жаңартылатын энергия саласындағы жетекші компаниялардың бірі. Ол Абу-Даби үкіметіне тиесілі Mubadala Development Company-дің еншілес ұйымы.