К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қараша 16:38

Нұрлан Жақыпов Orano S.A. президенті Николя Маспен кездесті

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Францияның Orano компаниясының басшысымен ағымдағы жобалар жайын талқылады.

Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен Orano S.A. президенті Николя Мас Қазақстан Президентінің Парижге сапары аясында кездесті.

Orano компаниясы «Қазатомөнеркәсіппен» уранды бірлесіп өндіру мен өңдеу, сондай-ақ ғылыми-техникалық саладағы қызмет бойынша серіктестік орнатқан.

 

Қазақстан-Франция іскерлік кеңесінде «Қазатомөнеркәсіп» пен Orano S.A. арасында білім беру саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою жоспарлануда.

Orano S.A. — халықаралық өнеркәсіп компаниясы, Францияның атом өнеркәсібі бойынша жетекші ұйымы. Сондай-ақ, Қазақстанның уран өндіру саласындағы стратегиялық серіктесі.