«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов Polynome Group технологиялық компаниясының негізін қалаған Александр Ханинмен кездесті.
Тараптар серіктестіктің перспективалы бағыттарын талқылады. Polynome Group технологиялық компаниясының қызметі кең ауқымды және мына ұйымдарды қамтиды:
Polynome Events (іс-шараларды ұйымдастырады); Polynome Research (ЖИ саласындағы зерттеу қызметтерін ұсынатын провайдер); Polynome Ventures (100 млн долларлық венчурлік қор); Polynome Academy (білім беру платформасы); Polynome AI (B2B/B2G өнім компаниясы).
Бұдан бөлек, компания жасанды интеллект бойынша Таяу Шығыстағы ең беделді конференциялардың бірін ұйымдастырады.