Тараптар инфрақұрылым, цифрлық технологиялар және басқа да бағыттардағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады. Кездесуде Sunwah Group компаниясының Қазақстандағы қызметін кеңейту және «Самұрық-Қазына» тобының компанияларымен бірлескен жобаларды іске асыру мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
Sunwah Group – 1957 жылы құрылған халықаралық әртараптандырылған корпорация, штаб-пәтері Гонконгте орналасқан. Топ құрамына бес жария компания кіреді және инвестициялар, жылжымайтын мүлік, қаржылық қызметтер, технологиялар, инфрақұрылым, тамақ өнеркәсібі, білім беру, медиа, экологиялық технологиялар және денсаулық сақтау сияқты түрлі салаларда жұмыс істейді.