К 30-летию Независимости Казахстана | 02 тамыз 11:30

Нұрлан Сауранбаев теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев теміржолшыларды кәсіби мерекесімен құттықтады. 

Құрметті әріптестер! Қадірменді ардагерлер! Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Биылғы 120 жылдық мерейтой – қазақстандық теміржол тарихында ғана емес, бүкіл ел тарихында із қалдырған жүздеген мың адамның мақтанышы мен мінсіз еңбегін мойындау мерекесі. Көптеген жылдар бойы теміржолдар әлеуетін кәсіпқойлардың әртүрлі буындары дамытып келеді, олар өз ісіне адалдық танытып, сын-қатерлерге мойымай, қиындықтарды еңсеріп келеді. Ортақ істің айналасына жұмылған.  

Әріптестер, бүгін де мақтан тұтарлық жайттар көп. Біз рекордтық көрсеткіштерге қол жеткізе отырып, тасымалдау көлемін арттырудамыз. Жаңа логистикалық бағыттарды игеріп, желінің өткізу қабілетін кеңейту жөніндегі міндеттерді шешіп, техниканы жаңартудамыз және цифрландыруды енгізіп келеміз. «Қазақстан темір жолы» ұжымы ел басшылығы алға қойған міндеттерді табысты орындауда деп нық сеніммен айтуға болады. Бүгінгі таңда компанияның, тіпті бүкіл мемлекеттің де жаңа мүмкіндіктерімен байланысты ірі инфрақұрылымдық жобалар іске асырылуда. Достық – Мойынты учаскесінде екінші жолдар, Алматы станциясы теміржол торабына айналма жол, Дарбаза – Мақтаарал және Бақты – Аягөз теміржол желісі салынуда.  

Тағы бір айта кететін жайт, мұның артында, яғни әрбір табысты өндірістік цифрдың артында әрқайсыңыздың қажырлы еңбектеріңіз бар.  

Биыл адал еңбегі, кәсібилігі және теміржол көлігі жұмысының тиімділігін арттыруға қосқан ерекше үлесі үшін 4 мыңнан астам қызметкер түрлі наградалармен марапатталады. Жоғары кәсіби награда – «Құрметті теміржолшы» белгісі 100 әріптесімізге берілді.  

Теміржолшылар үшін осы маңызды күнде ардагерлерімізге ерекше алғыс айтамын. Олар еліміз теміржол саласының болашақ ұрпақтары үшін сенімді негіз қалады.  

Құрметті әріптестер! Қадірменді ардагерлер! Еткен еңбектеріңіз, өз істеріңізге адалдық таңытқандарыңыз және жауапкершіліктеріңіз үшін сіздерге рахмет! Сіздерге мықты денсаулық және сәттілік серік болсын! Жақындарыңызға барлық жақсылықтарды тілеймін!  

Нұрлан САУРАНБАЕВ,  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы