Сонымен қатар, іс-шара барысында вокзал кешенінің басшылығы мен «Жолаушылар тасымалы» АҚ Бас директоры мерейтойлық күні вокзалға бірінші болып келген №67/68 «Нұр-Сұлтан НЖ-Өскемен» пойызының бірінші вагонының 5-орынды жолаушысына «Алтын» және «Жастар» жеңілдік карталарын сыйға тартты.⠀
«Теміржол саласының барлық басшылығына осындай жағымды сыйлық үшін рахмет. Шынымды айтсам, ұлым екеуміз күткен жоқпыз. Біз елордаға демалысқа келдік, ал ол осындай жағымды сәттерден басталып отыр», – деді пойыздың қуанған жолаушысы Шынар Қойбағарова.