К 30-летию Независимости Казахстана | 28 апреля 21:35

Нью-Йоркте Қазақстанға инвестиция тарту мәселесі қаралды

Іс-шараның мақсаты - халықаралық инвесторлар мен әлеуетті бизнес-серіктестерге Қазақстандағы бірлескен жоба, инновациялар мен технологияларды дамыту мүмкіндіктерімен таныстыру. Оған Citigroup, Franklin Templeton, Blackstone, JP Morgan, Temasek , MasterCard, Cerberus CapitalManagement және басқа да әлемдік қаржы нарығының негізгі ойыншылары, инвесторлар мен қорлар қатысты. Қатысушыларға Қазақстанның экономикалық даму барысы, оның әлеуеті мен жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар жайлы «Самұрық-Қазына», Ұлттық банк, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, «Байтерек» холдингінің басшылығы таныстырды.  

Дөңгелек үстел барысында Қор қызметі туралы ақпарат берілді. «Самұрық-Қазына» АҚ басқаруындағы активтер көлемі бойынша топ-25 тәуелсіз қор қатарына кіреді. 2024 жылы EBITDA 10,5 млрд АҚШ долларын құрады, ал таза пайда 5 млрд АҚШ долларынан асты», - деді Нұрлан Жақыпов.  

 

«Самұрық-Қазына» басқаруындағы еншілес компаниялар мұнай-газ, көлік және логистика, байланыс, тау-кен өнеркәсібі, энергетика және химия өнеркәсібі сынды стратегиялық маңызды салаларда жұмыс істейді.   Іс-шарада Топтың еншілес компанияларының IPO және SPO нәтижелері де талқыланды. Осылайша, қор басшысы акциялары биржада сатылатын «Қазатомпром» және «Эйр Астана» ҰАК туралы, сондай-ақ биыл қолайлы нарықтық конъюнктура жағдайында IPO-ға шығару жоспарланып отырған «Қазақстан темір жолы» әлеуеті жайлы айтып берді. Негізгі мақсаттардың бірі - басқарудағы активтер құнын арттырып, тікелей шетелдік инвестиция тарту жұмысын жалғастыру деп атап өтті Жақыпов.

Дөңгелек үстел Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігімен бірлесіп, Citi-дің қолдауымен ұйымдастырылды.