К 30-летию Независимости Казахстана | 22 қараша 09:20

Облыс әкімінің марапатына ие болды

Алғыс хат иелері президенттің Атырау өңіріне сапарын ұйымдастыруға атсалысқан.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырау облысындағы жұмыс сапарын жоғары деңгейде ұйымдастыруға атсалысқаны үшін бір топ қызметкерге облыс әкімінің Алғыс хаты табысталды.

Олардың қатарында «Ембімұнайгаз» АҚ Өндірісті жедел басқару департаментінің көлік жөніндегі инженері Азамат Қилыбаев, көлік жүргізушілер – Нұрболат Дәулетов, Нұрлыбек Базаров, Мақсат Дәулетов, Талғат Шүйнішов, Ербол Қосмағамбетов бар.

Жуырда «Ембімұнайгаз» АҚ бас технологы Марат Елеусінов марапат иелеріне Алғыс хаттарды табыс етіп, жауапты жұмысты абыроймен атқарған еңбектеріне алғысын білдірді.