Орта білім беру саласында жайлы мектептер дамуға ықпал ететін «негізгі стандарт» болуы тиіс. Басқа мектептерді олардың деңгейіне бейімдеп жаңарту қажет.
Үкімет басшысы балаларды ізденіс, зерттеу жұмыстарына деген қызығушылығын оята отырып, жан-жақты дамытудың маңыздылығына назар аударды. Балалардың мұндай қабілеттерін білім беру деңгейінде барынша дамыту қажет екендігі атап өтілді.
Мектептер мен колледждердің және жоғары оқу орындарының базасында студенттер мен оқытушылардың жетекшілігімен оқушылар өздерінің болашақ инженерлік идеяларын жүзеге асыра алатын, әртүрлі бұйымдар мен бөлшектер құрастырып, дайындауды үйренетін жалпыға бірдей қолжетімді үйірмелер, техникалық шығармашылық орталықтарын құру керек.