Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша жаңа штамм қауіпті және тез таралады. Сондықтан медициналық бетперде мен қолғап кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау сияқты қарапайым ережелерді ұстану керек. Сондай-ақ, вакцинация қарқынын арттыру өте маңызды. Қазір ҚБМ-да коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компонентін алған жұмысшылар саны шамамен 60%-ға жетті. Ревакцинация басталып, белсенді жүргізілуде.
«Еліміздегі эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, санитарлық талаптардың орындалуын бақылауды күшейтеміз. Біз үшін жұмысшылар қауіпсіздігі – негізгі басымдықтардың бірі. Сондықтан біз кеңседе де, кен орнында да вирустың таралуына қарсы шараларды күшейттік. Қызметкерлер жағдайды түсініп, ерікті түрде ревакцинацияланып жатыр», – деп атап өтті ҚБМ жедел штабының мүшелері.