«Өткен 2020 жылы FlyArystan 9 814 рейсті орындап, 1,5 млн астам жолаушыны тасымалдап үлгерген екен. Соның 8 930 рейсі дәлдік нормаларына сәйкес ұшырылған, – деді ұшу өндірісін басқару жөніндегі директоры Бердіхан Ағмұров. – Кейбір әуежайлардағы қолайсыз ауа райы ОТР көрсеткіштеріне кері әсерін тигізді. Қатты қиындық кезінде де FlyArystan-ның жұмысшылары жолаушылар алдында міндеттемелерін толықтай орындауға тырысады».
FlyArystan басқа әуе компанияларды да үлгі алып, ОТР көрсеткіштерімен ашық бөлісуге шақырады.
«Осылайша адамдар компания нәтижелерін бақылап, әуеоператорды таңдауға мүмкіндік беретініне сенімді. ОТР-дің жоғары нәтижелерін көрсету мақсатында, FlyArystan күшін қауіпсіз ұшақтарға, жаңа технологиялық жүйелерге және халықаралық стандарттарға сай жұмыс істеу үшін жұмсайды», – деп ойын тәмамдады Бердіхан Ағмұров.
Халықаралық тәжірибеге сай рейстерді уақытылы орындау көрсеткішінің орташа коэффициенті 85% құрайды екен. Бұл есепке кешігудің барлық түрлері жатқызылады – қолайсыз ауа райы, ауа қозғалысын басқару және басқасы.