Талантымен талайды тамсандырған ол домбырада ойнайды, өлең жазады және өз туындыларын нақышына келтіріп орындайды. Саматтың сөзіне жазылған әндер өңір музыканттары арасында сұранысқа ие.
«Шығармашылыққа деген сүйіспеншілік домбырада жақсы ойнап, ән айтатын туыстарым арқылы оянды. Домбыра – тарих. Ол ата-бабадан қалған аманат. Өзіңді дамытқан сайын орындаушылық шеберлігің де шыңдала түседі. Кен орнындағы жұмысшылар мұнай өндіріп қана қоймай, шығармашылығын дамыуға да уақыт бөле алады. Қаражанбаста өнерлі жандар өте көп», – дейді Самат.
Бір қызығы, мұнайшы көбінесе махаббат тақырыбына қалам тербейді. Әдемі шумақтар әсіресе вахта ауысымында көп жазылатынын айтады ол. Оған қоса, дарынды жұмысшы қазыналы Қаражанбас шабыт сыйлайтын мекен екенін жасырмайды.
Самат биыл наурыз айында өткен «Наурыз жетті мұнайшымен көрісіп» атты жазба ақындар мүшайрасына қатысқан болатын. Ол жүлделі екінші орынды иеленді Бұл туралы осы мақаладан оқуға болады.