Жұмыс кезінде ол өндірілген шикізатты өлшеуге және тазалауға жауапты маман. Сондай-ақ сынама алып, айдау режиміне, қазандарды жылыту жұмыстарына бақылау жүргізеді. Бұл мұнай тасымалына әсер ететін күрделі процесс. Алайда, жас мұнайшының мамандығы шығармашылықпен айналысуына кедергі келтірмейді. Руслан бос уақытында өлең жазып, біліктілігін арттырады, сондай-ақ компанияның қоғамдық өміріне белсенді араласады.
«Мен өз өлеңдерімде әртүрлі тақырыптарды қозғаймын. Көбінесе, Отан туралы жазамын. Оған қоса өндірістің ерекшеліктері туралы баяндаймын. Біздің әрқайсымызға үлкен сенім мен жауапкершілік жүктелген. Жер асты байлықтарына толы кен орнын дамыту және оны болашақ ұрпаққа жеткізу – біздің ортақ міндетіміз. Сондықтан біз өндірістік көрсеткіштерді арттыру үшін әлі де тынымсыз тер төгеміз. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, біз жұмыс ауысымынан бос уақытымызды спортзалда немесе вахталық кенттегі мәдени-демалыс орталығында өткіземіз», – дейді Руслан Құрманбаев.
Айта кетейік, талантты тауар операторы жақында «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауында 1 орын алды. Енді ол жарыстың аймақтық кезеңінде басқа компаниялардағы әріптестерімен сайысқа түседі. Еңбек ұжымы жас маманның жан-жақты қасиеттерін оң бағалап, үлкен үміт артады.