Бұл іс-шаралар холдингтің өндірістік нысандарындағы жоспарлы, алдын ала жасалатын жөндеу жұмыстарынан жабдықтардың жай-күйіне қарай жасалатын жөндеу жұмыстарына көшуді қамтамасыз етуге тиіс.
Бұл міндеттерді атқару үшін информатика және математика саласының мамандарын тарту қажет болатынын ескере отырып, Компания пилоттық режимде отандық ғылым-білім беру университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатуда.
Ғылым, білім беру, қоғамдық қызмет секілді бағыттардағы әріптестікті көздейтін маңызды құжатқа «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасы Бақытжан Жоламанов пен Халықаралық бизнес университетінің президенті Дархан Ахмед-Заки қол қойды.
Меморандумға сай, Университет ғалымдары Самұрық-Энерго мен оның құрамындағы компаниялар үшін қызығушылық туғызатын өндірістік, ғылыми және тәжірибелік міндеттерді шешуге қатысады. Өз кезегінде, электр энергиясы холдингінің мамандары мен сарапшылары ғылыми серіктеске Университеттің оқыту бағдарламаларын әзірлеуге, сондай-ақ компаниялардағы бөлімшелердің кәсіби бағытына және студенттер мен магистранттардың мамандықтарына қарай отырып, өндірістік және дипломалды тәжірибеден өтуін қамтамасыз етуге көмектеседі.
«Самұрық-Энерго» АҚ басшысы Бақытжан Жоламанов атап өткендей, «Самұрық-Энерго» мен Халықаралық бизнес университеті арасында жасалған меморандум ғылыми деңгейде білім беру мен бизнестің, жаңа технологиялық әзірлемелер мен өндірістік тәжірибенің арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық дәстүрін нығайта түсуі тиіс.