Ол өзінің еңбек жолын № 3 Жол учаскесінде, БЖКБ-нің қазіргі директоры Ағыбай Қазкенұлы Покатаевтың бригадасында бастаған. Жұмысқа қабылданған күнінен бастап тәжірибелі жолдастар оған нағыз тәлімгер бола білді – олар мамандықтың бар қыр-сырын үйретті.
«Бүгін мен өзім бригаданы басқарамын, – дейді Қайыргелді Елтайұлы. – Менің жұмысым маған ұнайды, оның арқасында үш баламды аяққа тұрғыздым. Жұбайым да біздің компанияда – «Ударная» станциясында машинист-оператор болып жұмыс істейді. Қызымыз да бізден үлгі алып, өз өмірін кенішпен байланыстыруды шешті. Қазір ол Қаныш Сәтпаев атындағы Екібастұз инженерлік-техникалық институтында маркшейдер мамандығына оқып жатыр. Бір сөзбен айтқанда, менің өмірімнің осылай болғанына мен бәріне ризамын. «Узловая» станциясында жол жөндеушісі болып жұмыс істеген және маған осы жолды таңдауға кеңес берген үлкен ағама ерекше ризамын».
Посмотреть эту публикацию в Instagram