К 30-летию Независимости Казахстана | 29 мамыр 10:27

Өңірдің белсенді әйелдері Маңғыстаумұнайгазда бас қосты

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да Маңғыстау облысының жетекші мұнай-газ және энергетика компанияларындағы әйелдер қауымы өкілдерінің керемет кездесуі өтті.

Кездесуге «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «MAЭK» ЖШС, «MРЭK» АҚ, «Маңғыстау Жарық» ЖШС, «ТеңізСервис» ЖШС, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ сияқты іргелі компаниялардан 30-дан астам әйел жиналды.

Кездесу «МАЭК» ЖШС Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары - Басқарма мүшесі Айзада Үмбетқызы Аққайсиеваның бастамасымен өтті. Атап өту керек, Айзада Аққайсиева, биыл өзінің 10-жылдығын атап өтіп жатқан, KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының Төрағасы болып табылады.

Кездесу барысында Айзада Үмбетқызы клубтың құрылу тарихы, оның тұжырымдамасы, өткізіліп жатқан форумдар, іс-шаралар және клубқа мүше әйелдер туралы айтып берді.

 

Жылы достық жағдайда өткен жиында әйелдер бір-бірімен танысып, клуб тұжырымдамасы және жоспарланған іс-шаралар туралы өз көзқарастарымен бөлісті, сондай-ақ олар нәзік жандыларды барлық деңгейде және барлық қызмет салаларында қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Кездесу қорытындысы бойынша «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қаржы департаментінің директоры Шолпан Ильмуханбетова «ММГ» АҚ-да KAZENERGY әйелдер энергетикалық клубының қанатын құру туралы бастама көтерді.