Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кен орындары бойынша 3 (үш) лицензияның қолданылу мерзімінің 2022 жылдың 8 желтоқсанында аяқталуына байланысты, 2022 жылыдың 8 маусым күні кенорнындардың үздіксіз (тоқтаусыз) игерілуін қамтамасыз ету мақсатында ҚР Энергетика министрлігіне көрсетілген учаскелер бойынша өндіру кезеңін ұзарту туралы өтініш жолданды.
Өндіру кезеңін ұзарту мәселесі бойынша 5 айдан астам уақытқа созылған келіссөздердің нәтижесінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жанындағы жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының отырысында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамына Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша кенорындары бойынша игеру кезеңін ұзартуға рұқсат беру туралы шешім қабылданды.
Келісім-шарттар мерзімінің 2023 жылдан 2028 жылға дейін ұзартылуының нәтижесінде Оңтүстік Жетібай, Алатөбе және Оймаша үш кенорны бойынша мұнай өндірудің әсері 695 432 тоннаны құрап отыр.