К 30-летию Независимости Казахстана | 06 қазан 08:17

Оңтүстік Кореяда ең жылдам жаңа жүрдек пойыз жолға шықты

Пойыз сағатына 320 км жылдамдықпен жүре алады.

Hyundai Rotem компаниясы Чханвон қаласындағы зауытта жасалып жатқан жоғары жылдамдықты EMU 320 пойызын таныстырды. Бұл пойыз сағатына 320 км жылдамдықпен жүре алады, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Жаңа пойыздың жеделдету және тежеу қабілеті жақсартылған, сонымен қатар жолаушылар сыйымдылығы да артқан, сегіз вагондық пойыз 515 жолаушыны тасымалдай алады.

EMU-320 пойызы Gyeongbu және Honam  жоғары жылдамдықты желілерінде іске қосылып, KTX 1 мен KTX Sancheon пойыздарымен қатар қатынайтын болады.

Салтанатты шарадан кейін EMU 320 пойызы Корея Республикасының ұлттық темір жол операторы Korail компаниясына қарай бет алды, екінші пойызды жеткізу 2022 жылдың қарашасына жоспарланған.