К 30-летию Независимости Казахстана | 18 қараша 15:45

Оралда Қарашығанақ кен орнының 45 жылдығы тойланды

Салтанатты іс-шара қазіргі уақытта "Атамекен" мәдениет үйінде өтті.

Шара барысында сала ардагерлерін марапаттау, концерттік нөмірлер, сондай-ақ Қазақстан мұнайының 125 жылдығына және Қарашығанақ кен орнының 45 жылдығына арналған фильмдерді көрсету жоспарланған.

Қарашығанақ кен орны - Батыс Қазақстан облысында орналасқан және 280 шаршы шақырым астам аумақты алып жатқан әлемдегі ең ірі мұнай-газ конденсатты кен орындарының бірі. Кен орны 1979 жылы ашылды, ал оның тәжірибелік-өнеркәсіптік дамуы 1984 жылы басталды.

 

Кен орнын «Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. (ҚПО) игеріп келеді. 2023 жылы Қарашығанақ кен орнында көмірсутек шикізатын өндіру көлемі 142,698 млн баррельге жетті. Бұл ретте қабат қысымын ұстап тұру үшін газды кері айдау көлемі 12,650 млрд текше метрді құрады, бұл өндірілетін газдың жалпы көлемінің шамамен 56,5% - на тең.