Қысқы кезеңде электр станция Алматы қаласын жылу және электр энергиясымен қамтамасыз етіп, қажетті жүктемеде жұмыс істеуі үшін барлық негізгі және қосалқы жабдықтар жылыту маусымының басталуына толықтай дайын болуы тиіс. Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО ағымдағы жылдың жөндеу жұмыстарын сәуір айында бастады.
«Бүгінгі кезеңде орнатылған алты энергетикалық қазандықтың үшеуі жоспарлы жөндеуден өтті, біреуі жөнделуде, ал екі қазандық кестеге сәйкес жөндеу жұмыстарының кезегінде тұр, – деді Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО Басқарушы директоры Әлібек Тастанбеков. – Орнатылған жеті су жылыту қазандығының алтауы жөнделді, соңғысы жөнделуде. Бір турбоагрегатта ағымдағы жөндеу жүргізілді, екіншісінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде және үшінші турбоагрегат кестеге сәйкес жөндеуді күтуде».
1-ЖЭО негізгі және қосалқы жабдықтарындағы барлық жөндеу жұмыстары «АлЭС» АҚ «Энергожөндеу» ӨЖК қызметкерлерінің күшімен жүргізіледі.
Бүгінгі таңда станция 236 902,95 мың кВтс электр энергиясын және жоспарға сәйкес 734 557 Гкал жылу энергиясын өндірді.
1935 жылдан бері Б. Оразбаев атындағы 1-ЖЭО 38,707 млрд кВтс электр энергиясын, 155,979 млн Гкал жылу энергиясын өндірді.