«Мен әкеме дұрыс мамандық таңдауыма көмектескені үшін ризамын. Ол өмірінің 40 жылын энергетика саласына арнаған, енді оның махаббаты маған да берілді», — дейді ол.
Дамир Орталық диспетчерлік пунктте жұмыс істеген кезде «ОИК Диспетчер» бағдарламасында «ағынды-тарату» схемасын жаңартуға, «АЖК» АҚ желілерінде жаңа қондырғыны іске қосу үшін бағдарлама жазуға, электронды журналдарды (анцапф, РПН, ДГК, фидерлерді ауыстыру, сондай-ақ, бригадалардың рұқсат журналы) құруға қатысты. Мұның бәрі диспетчерлердің жұмысын жеңілдетуге көмектескен.
Энергетика адамзат өмірінде маңызды роль ойнайды. Энергия — әр шаңырақтағы жылу мен жарық. Бірақ, адамдар оның қайдан келетінін ойлана бермейді. Адамзат электр энергиясының үздіксіз берілетініне үйреніп қалған. Ал егер ойланып қарайтын болсақ, энергетиктердің ауыр жұмысының арқасында ғана үйлерде жарық жанып, батареялар жылу бөлуде және адамдар өркениеттің игіліктеріне қол жеткізіп отыр.
«Өзімнің бұл ұлы іске қатысым бар екеніне мақтана отырып, Алматы қаласы мен Алматы облысы тұтынушыларының сапалы энергиямен қамтылуы біздің жұмысымызға байланысты деп сеніммен айта аламын. Менің өз мамандығымда шыңдалып, жетілуіме энергетика туралы көбірек білім жинауға деген ынта-ықыласым ынталандырады. Бұл білімді келешекте біздің ұжымның ортақ ісіне үлес қосу мақсатында жұмсағым келеді. Менің жұмысымның нәтижесі мен ұжым мен басшылықтың маған деген сенімі — мен үшін басты мотивация», — дейді аға диспетчер.