Мәулен Айманбетов Есенберлин - Қазыбек би даңғылындағы көппәтерлі үйлердің тұрғындарымен кездесті, олар көкейтесті мәселелермен жүгінді. Жиналыста Қоғам Басқармасының Төрағасы Жалға алушыларға мәселелерді шешу бағдарламасын ұсынды. Осылайша, «Samruk-Kazyna Construction» АҚ көптеген пәтерлердің меншік иесі бола отырып, «Мүлік иелері бірлестігін» тіркеуді жүзеге асыратын болады.
Жоғарыда аталған бағдарламаны орындау аясында биыл шатырдың жөндеу жұмыстарының мәселесі шешілетін болады. Сондай-ақ, Мәулен Айманбетов «ВК ТехноГрупп» ЖШС құрылыс салушысына тұрғын кешеннің бүйір қабырғаларының қаптамасын жөндеуді аяқтауды тапсырды. Сонымен қатар, барлық тұрғын үй кешеніне техникалық тексеру жүргізілгеннен кейін ақауларды түзету, аула аумағын абаттандыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленетін болады.
Есенберлин - Қазыбек би даңғылындағы үй кешенінің ақсақалдары мен тұрғындары өз кезегінде «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетовке жинақталған мәселелерді шешуге ықпал еткені және тұрғын үй массивінің аумағында жөндеу жұмыстарын жеделдеткені үшін зор алғысын атты. Сондай-ақ Қоғамның Бірінші басшысына тікелей кездесу мүмкіндігі үшін ризашылығын білдірді. Жөндеу жұмыстары процесіне тұрақты бақылауды қамтамасыз ету мақсатында ай сайын кезектесіп бірінші басшының және оның құрылыс жөніндегі орынбасарының объектілерге жұмыс сапары жүзеге асырылатын болады.
Сонымен қатар, Есенберлин 13 тұрғын үйі бойынша «Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқармасының төрағасы «Ertis City Service» басқарушы компаниясымен іргелес аумақты абаттандыруды аяқтау және тұрғын үйлердегі су қысымының төмендеуін түзету мәселелерін талқылады.