АЭС құрылысы бойынша өтетін референдум қарсаңында Өскемендегі «ҮМЗ» АҚ ашық есік күнін өткізді. Университет студенттері мен БАҚ өкілдеріне АЭС үшін ядролық отынды өндіру процесі көрсетілді. Жиналғандар көрме орталығында, уран өндіру зауытында және «Үлбі-ТВС» зауытында болды.
Оларды басқарма төрағасының бірінші орынбасары – «ҮМЗ» АҚ бас инженері Владимир Вахненко, көрме орталығының директоры Владимир Донцов, «Үлбі-ТВС» ЖШС бас директорының орынбасары – бас инженер Игорь Коробейников, ғылыми орталықтың басшысы Манарбек Қылышканов қарсы алды.
«Ашық есік күні алдағы атом электр станциясын салу жөніндегі референдум аясында ғана емес, халыққа, оның ішінде жастарға Қазақстан Республикасының атом саласының не екенін түсіндіру мақсатында ұйымдастырылды. Уран өндірісін аралау барысында оларға отын таблеткаларының қалай жасалатыны көрсетілді. Бұл таблеткалар Қытайға экспортталады және ол жақта сәтті қолданылады. Жылу бөлгіш құрастырма (ЖБҚ) – атом электр станциялары үшін негізгі отын. Бір құрастырмада шамамен 450 келі уран бар және ол реакторда орта есеппен 5 жыл пайдаланылады», - дейді Игорь Коробейников.
Университет студенттері зауыт жұмысына қызығушылық танытып, өздерін толғандырған сұрақтарды қойды.