Зауытты аралау барысында Мәулен Айманбетов базальт негізіндегі минералды мақта плиталарының өндірістік желілерімен танысты, сондай-ақ MakWool компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасымен кездесті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Макинск қаласындағы жылу оқшаулағыш материалдар шығаратын зауытты жаңғырту жобасы және Алматы қаласындағы ұқсас зауыт салу жобасы бойынша ынтымақтастық туралы келісті. Осы жобаларды іске асыру ел нарығы сыйымдылығының 50%-дан астамын отандық өніммен жабуға мүмкіндік береді.
Осылайша, кездесуге қатысушылар жобаларды талдауға және тиісті құжаттаманы ресімдеуге кірісті.
Қоғам бұл жобаларды отандық құрылыс материалдарын өндіру жөніндегі зауыттар салу арқылы құрылыс саласындағы импортты алмастыруға бағытталған инвестициялық қызмет шеңберінде қарастыруда. Нарықтың ағымдағы талдауы негізінде, елдегі жылу оқшаулағыш материалдардың қажеттілігі үш отандық өндірушінің қуаты есебінен 50%-ға ғана жабылады, ал қалған қажеттілік импортталады.