К 30-летию Независимости Казахстана | 17 июня 12:09

Отандық өндіруші «Самұрық-Қазына» қолдауымен 2,5 млрд теңгеге дейін айналымын ұлғайтты

«Самұрық-Қазына» АҚ отандық өндірісті дамытуға кеңінен ықпал етеді. Бұған айқын мысал - «IVM Инвестициялық үйі» ЖШС. Ол қор тобына кіретін компаниялармен серіктестік орнатып, қысқы арнайы киімдерді жеткізеді.

Бұл кәсіпорынға мата өндіретін халықаралық компаниялармен байланыс орнатуға, өндірісті жаңғыртуға және жаңа жабдықтарды енгізуге мүмкіндік берді. Бүгінде компания жылына 200 мыңнан астам өнім шығарады, оның 60–70 мыңы қор тобындағы компаниялардың тапсырысына тиесілі.

 

2023 жылдан бері кәсіпорынның көрсеткіші тұрақты өсіп келеді: бұған дейін айналым шамамен 1 млрд теңге болса, 2025 жылдың қорытындысы бойынша 2,5 млрд теңгеден асты. Қызметкерлер саны да 30 адамнан 130 адамға дейін өсті.

Кәсіпорынның дамуына «Самұрық-Қазына» тарапынан көрсетілген қолдау шаралары, оның ішінде келісімшарт сомасының 30%-ына дейін аванс беру қызметі оң әсерін тигізді. Бұл отандық өндірушілерге әрі қарай даму үшін инвестиция салуға, өнім сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.