К 30-летию Независимости Казахстана | 01 қыркүйек 10:32

Отандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12 пайыз ұлғайды

ҚР ИИДМ баспасөз қызметі қазақстандық теңіз порттарындағы жүк айналымы 12%-ға ұлғайғанын хабарлады.

Осылайша 2023 жылғы қаңтар-тамыз аралығында Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы тасымалданатын жүк айналымының өсімі 12%-ды құрады. Айта кетерлігі, Транскаспий халықаралық көлік бағдары бойынша өсім 80 пайызға жетіп отыр. Оның ішінде, мұнайды ауыстырып тиеу бойынша ең жоғары өсім – 53%, сондай-ақ пароммен тасымалдау – 12%.

Биыл қыркүйек айында Abu Dhabi Ports Group қатысуымен қазақстандық Semurg Invest компаниясы салған Құрық портындағы жаңа терминалдан астықтың бірінші партиясын жөнелту жоспарланып отыр.