К 30-летию Независимости Казахстана | 11 қараша 15:29

«Өте ыңғайлы»: мәжілісмен Динара Наумова жайлы мектептің ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімділігіне оң баға берді

"Respublika" партиясынан Парламенттегі төменгі палата депутаты «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған Асатанадағы №101 мектепке барды. Наумова мектеп активімен, оқушылармен кездесу өткізіп, балаларға өмір жолы туралы және церебральды сал ауруы диагнозына байланысты кезінде оны мектепке қабылдамағаны туралы айтты.

Бүгінде заң шығару қызметінен бөлек, ол әлеуметтік кәсіпкерлікпен белсенді айналысады, туған ауылында инклюзивті орталық ашқан.

Динара Наумованың айтуынша, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынған №101 мектеп ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін өте қолжетімді. "Кіреберісі, кабинеттері және акт залы - бәрі өте ыңғайлы», – деді ол.

Депутат қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін инфрақұрылым ғана жеткіліксіз, сонымен қатар мамандар мен сапалы оқу-педагогикалық материал қажет екенін айтты. «Осы бағыттар бойынша жұмыс істеу өте маңызды», - деп қорытындылады мәжілісмен өз сөзін.

 

Естеріңізге сала кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған барлық білім ошақтарында ерекше балаларға арналған кедергісіз орта жасалған. Мұнда инклюзивті білім беру кабинеттері ғана емес, сонымен қатар барлық стандарттарға сәйкес келетін пандустар, лифттер мен арнайы кең дәретханалар да бар.