К 30-летию Независимости Казахстана | 20 қыркүйек 17:42

Өткен жылы Samruk-Kazyna Construction 7,9 млрд теңге дивиденд төледі

Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 487,43 теңге болды.  

2023 жылы Samruk-Kazyna Construction 7,9 млрд теңге дивиденд төледі, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі. 

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2024 жылы еншілес ұйымдарға қатысты «Самұрық-Қазына» АҚ дивидендтік саясатына сәйкес Жалғыз акционерге 2023 жыл үшін 7 млрд 919 млн 465 мың теңге сомасында 100% мөлшерде дивидендтер төледі. Бір жай акцияға шаққандағы дивиденд мөлшері 487,43 теңге болды.