Сайыстың алғашқы кезеңінің жеңімпаздары, яғни мұнай және газ өндіру операторлары, ұңғыманы зерттеу операторлары, электр және газбен дәнекерлеушілер, химиялық сараптама лобаранттары, машинисттер, темір жонушылар мен моторшылар үздіктер қатарына ілігу үшін күресті. Сайыс барысында қатысушылар арасында салауатты бәсекелестік пен жеңіске деген талпыныстарының басымдығы байқалды. Қатысушылар өздерінің технологиялық үдеріске қатысты білім деңгейлерінің жоғарылығын, берілген тапсырманы орындауда тездік пен бір ізділікті сақтай білетіндіктерін, кәсіби терминологияны қолдана білетіндіктерін тағы бір мәрте дәлелдеп берді.
«Әр құрылымның өз үздіктерін анықтау және оларды ынталандыру – қарапайым жұмысшы мамандықтарының мәртебесін көтереді. Өзінің кәсіби біліктілігінің жоғарғы деңгейде екенін көрсету мүмкіндігі әрбір жұмыскерге беріледі», – деп атап өтті өндірістік басқарма басшылығы.
Құрамында сайысқа жауапты бөлімшелер мамандары мен басшылары бар комиссия сайыскерлер іс-әрекеттерін бағалады. Назар негізінен ең маңызды көрсеткіш болып есептелетін өндірістегі техника қауіпсіздігіне аударылды. «Үздік маман» сайысы жай ғана мамандар арасынан тек үздіктерді анықтап қана қоймай, сонымен қатар ішкі байланысты нықтауға, корпоративтік дәстүрді сақтауға себепкер болады.
Сайыстың жеңімпаздарын марапаттау салтанаты екі ауысымның жұмыскерлерінің практикалық тапсырмаларын орындау нәтижелері анықталғаннан соң өтеді.