Назарбек ауылы маңында салынып жатқан туннель түріндегі өткел автокөлік пен темір жол қилысында орналасқан және көліктердің қозғалысын жеңілдете түспек.
Бұл жердегі темір жолмен пойыздар күнделікті жүретіндіктен, магистраль бойындағы автокөлік бірнеше рет тоқтап, кептеліс пайда болған. Таңертең және кешке халық қалаға қарай жүргенде немесе кері қайтқанда үлкен көлік кептелісі пайда болады.
Қалың жұртшылық пен медицина қызметкерлері тарапынан түскен көптеген шағымнан соң, сондай-ақ Өзбекстан Республикасы президентінің 2020 жылғы 28 желтоқсандағы № ПҚ-4936 Жарлығына сәйкес «Ташкент – Түркістан – Қазақстан Республикасының шекарасы» 4П253 автомобиль жолының 3 шақырымындағы темір жолмен түйісетін тұсына темір жол өткелін салу басталған.