К 30-летию Независимости Казахстана | 15 тамыз 12:43

Өзбекстаннан Қазақстанға жаңа курорттық пойыз жүреді

Өзбекстан темір жолы Нүкіс қаласынан Қазақстанға қатынайтын жаңа курорттық пойызды іске қосады. 

«Узбекистон темир йуллари» АҚ Нүкіс (Өзбекстан) мен Маңғыстауды (Қазақстан) байланыстыратын жаңа темір жол бағытын іске қосуда. Пойыз аптасына үш рет: Нүкістен Маңғыстауға бейсенбі, сенбі және сейсенбі күндері, ал қарсы бағытта жұма, жексенбі және сәрсенбі күндері қатынайтын болады.

Жаңа бағыт бойынша алғашқы рейс 22 тамызда Нүкіс – Маңғыстау, кері рейс 23 тамызда жүзеге асады. №650 пойыз Нүкіс қаласынан 20:16-да шығып, Маңғыстауға 17:14-те жетеді. №649 пойыз Маңғыстаудан сағат 18:54-те шығып Нүкіске 15:22-де жетеді.