"5S жүйесі - бұл жұмысты ұйымдастыру әдісі. Нақтырақ айтатын болсақ, кез-келген жұмысты орындау үшін ыңғайлы жағдай жасау, өндірістегі тәртіпті, тазалықты сақтау, уақыт пен энергияны үнемдеу керек. Бұл жүйе қаражатты немесе жаңа технологияны енгізуді қажет етпейді. Жұмыс орнындағы артық қоқыстан арылу, жұмыс орнын тәртіпке келтіру - еңбек мәдениетін қалыптастырады, қауіпсіздігікті жақсартады", - дейді ол.
Бұдан түсінетініміз, кәсіпорынның басшыдан бастап тазалықшыға дейінгі әр қызметкері 5 қағидадан айнымауы тиіс. "Өзенмұнайгаз" компаниясында бұл жүйе №1,2,3,4 мұнай-газ өндіру басқармаларына енгізілген.
"Жобаның қанат жаюына зор үлес қосып жүрген әріптестеріме, сапа саласының білікті де білімді мамандарына шексіз алғысымды білдіремін. Әрбір мұнай-газ өндіру операторы жұмыс тобының белді мүшесі бола отырып, сапа үшін жауапты екенін сезінеді. Жауапкершілігі артқан еңбеккер жұмысын сапалы атқаруға ынталы болады. Компания операторларына арналған тиісті қоржындар №4 МГӨБ аға операторы Сейіс Қуатовтың ұсынысы бойынша өзгертіліп, жетілдірілді. Бүгінде жоғарыда аталған 4 басқарма операторларына 50 қоржын таратылып берілді", - дейді Компанияның тәуекелдерді басқару және сапа қызметінің жетекшісі Амантай Смадинов.