К 30-летию Независимости Казахстана | 02 қараша 12:00

Өзенмұнайгаз автопаркі жаңа арнайы техникамен толықты

Еңбек ұжымына Ибағаров 21 арнайы техниканың кілті тапсырылды.

«Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік-техникалық қамту және жабдықтармен жинақтау басқармасы базасында №2, №3, №5 СҚКБ, ХжЭБ, БЖБ жүргізушілеріне бас директор Мақсат Ибағаров 21 арнайы техниканың кілтін салтанатты түрде табыстап, құттықтау сөз сөйледі, деп хабарлады «Маңғыстау Медиа».

«Қазір жаңа технология заманы. Компания мықтылығы артқа қарайлай беру емес, болашаққа ұмтылу. Бас директор ретінде адал еңбегіңізге зор алғыс білдіремін. Жаңа көлік құтты болсын. Ырысыңыз асып, күш-қуатыңыз тасып, арамызда жемісті еңбек етіп жүре беріңіздер», – деді Мақсат Ибағаров.

 

Өз кезегінде жаңа көлікке ие болған жүргізушілер «компания қамқорлығы біздің оған деген сүйіспеншілігімізді оятып, көңілімізді өсіреді» дей отырып шексіз алғысын білдірді.