К 30-летию Независимости Казахстана | 03 қыркүйек 09:20

Өзенмұнайгаз халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өткізді

Қазақ мұнайының 125 жылдығы және «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның 60 жылдығы аясында «Өзен кен орнының даму болашағы» тақырыбында халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференция өтті.

Іс-шара «Өзенмұнайгаз» АҚ бас директорының геология және игеру жөніндегі орынбасары Дамир Шырақбаевтың жетекшілігімен өтіп, оған мұнай-газ саласында елеулі еңбек еткен ардагер мұнайшы Мұрат Құрбанбаев арнайы шақырылды.

Ғылыми конференция барысында «Өзенмұнайгаз» АҚ кен орнындағы жерүсті жабдықтарында тұз түзілуге қарсы ингибиторын қолдану тиімділігін бақылау, ұңғымалардың жөндеу аралық кезеңі: мәселелері мен шешімдері, патент иелері, мұнай-газ саласындағы бизнес-сараптама, Қазақстан кен орындарында полимерлік технологияларды қолдану ерекшеліктері мен өзге де тақырыптар бойынша барлығы 12 баяндамашы өз жобасын таныстырды.

 

Қатысушылар мен үздіктерге грамота және естелік сыйлық табысталды.